Түркияда әлемнің ең ірі мешіті бой көтереді (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Стамбулда ел бойынша ең ірі және әлемнің үлкен мешіттерінің бірі саналатын мешіт құрылысы бой көтереді.

Айта кетсек, алып мешіттің ашылу салтанаты алдағы Рамазан айындағы қасиетті қадір күніне сәйкес 1 шілдеге жоспарланған.

"Чамлыджа" аталатын құлшылық үйі 15 мың шаршы метр аумақты қамтиды. Ғибадатхананы Стамбулдың кез келген нүктесінен көруге мүмкіндік болады. 107 метр биіктіктегі төрт мұнарасы, 70 күмбезі бар.

Түркия тарихындағы ең үлкен ислами кешенде бес құлшылық залы, сондай-ақ, ислам тарихы мен мәдениетіне байланысты көркемөнер галереясы, конференц-залы, кітапхана және көлік тұрақтары орналастырылады.

Ғажайып ғибадатхана көлік қатынасы мәселесінде де ерекше орынға айналмақ. Мешітке Стамбул қаласының еуропалық және азиялық бөлігін біріктерген жолмен 10 шақырым жүріп шығуға тура келеді. Қазіргі уақытта құрылыс қарқынды жүргізілуде. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: