Оқушылар күнтізбесіне ислам мерекелері енгізілді

Жаһан
Жарнама

Нью-Джерси штаты Клифтон қаласы Білім органы мұсылман мерекелеріне орай жаңа оқу жылына бекітілген мектеп күнтізбесіне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды North Jersey.

Мектеп оқушыларының демалыс күндеріне ислам мерекелерін қосу туралы бастаманы жоғары сынып оқушысы Кейти Ассаф ұсынған. Соңғы бірнеше ай ішінде бұл бастама мұғалімдер мен оқушылар ішінде жүздеген адамның қолдауына ие болды.

«Барлығы таң қалды. Оның нақты іс жүзінде орындаларына ешкім сене қоймаған еді. Армандар орындалады» дейді Кейтидің өзі.

Ал аймақтық орган алғашында мектеп күнтізбесіне ислам мерекелерін енгізу туралы өтінішті екі рет кері қайтарған болатын. Дегенмен, осы жолы оқушылардың ой-тілегі орындалды.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: