Еуропа ислам ұйымы федерациясы Брюссель терактісін айыптады

Жаһан
Жарнама

Еуропа ислам ұйымы федерациясы Бельгия астанасында болған сериялық терактіге байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Федерация өкілдері ДАИШ террористік ұйымы жасаған зорлық-зомбылық актілерін қатаң айыптады. Мәлімдеме мәтінінде бейбіт азаматтарды өлтіруге жол берілмеуі керектігі жазылған.

«Ислам ұйымы федерациясы әлем халқымен бірге терактіде қаза болған адамдардың отбасы, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреді» делінген мәлімдемеде. 

Федерация басшылығы сонымен қатар, кез келген зорлық-зомбылық, оның ішінде терактілердің қандай түріне болса да қарсы екендіктерін айтып, осындай қиын кезеңде бельгия қоғамы тұтастығын сақтап қалатынына сенім артты. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: