Тайсон мұсылмандарға болысты

Жаһан
Жарнама

WBO және WBA бойынша бокстан әлем чемпионы Тайсон Фьюри 22 наурыз күні Бельгия астанасында орын алған терактілеріне байланысты мұсылмандарды қорғады.

Британ боксшысы бұл қылмыстарды мұсылмандармен байланыстырмауға шақырды. Сондай-ақ, халықаралық әуежай мен метродағы терактіден қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

«Брюссельдегі жарылыстан қаза тапқан адамдардың отбасылары үшін дұға-тілек жасайық. Бұл – жантүршігерлік қылмыс. Бірақ, мұны мұсылмандармен байланыстырмайық. Шын мұсылмандар бұлай жасамайды. Олар мұсылмандар емес, террористер» дейді Фьюри өз «Твиттерінде». 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: