Кіші қажылық неше адамды қабылдады?

Жаһан
Жарнама

Мекке әмірі және Қажылық комитетінің төрағасы Халил әл-Файсал әріптестері мен отандастарын алдағы қажылық маусымында қажыларды жақсы жағдайда күтуге күш салуға шақырды, деп хабарлайды Al Arabiya. 

Өткен жексенбіде Мекке қаласында Қажылық комитетінің отырысы өтіп, шенеуніктер былтырғы қажылықта орын алған жағдайларды сарапқа салып, биылғы маусымда бұл жайттарды болдырмау керектігін жеткізді.

Комитеттің хабарлауынша, 2015 жылдың қазан айы мен 2016 жылдың 2 сәуірі аралығында 3,7 млн адам кіші қажылық өтеген.

Олардың 2,6 млн-ы Джидда халықаралық әуежайы арқылы, 740 000 – Мәдина әуежайы, ал 200 000 көлікпен өткізу пункттері арқылы өткен.

Еске сала кетсек, Меккеде «әл-Харам» мешітіндегі уақытша айналма көпірін бұзу жұмыстары жалғасуда. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: