Түркменстан балгерлік пен әдепсіз жарнамаға тыйым салды

Жаһан
Жарнама

Түркменстан 4 сәуір күні «Жарнама қызметі туралы» Заң күшіне енді. Жаңа заңда казино құмар ойындарына, экстрасенс қызметтеріне, жыныстық қызмет көрсетуге қатаң тыйым салды, деп хабарлайды EA Daily.

Заңға сәйкес, «гипнозшы, емші-тәуіп, экстрасенс, балгер, астролог, сиқыршы, көріпкел мен осы секілді өздерін болашақты болжау қасиеттеріне ие санайтын адамдардың» жарнамаларын жасауға тыйым салынады.

Сонымен қатар, жыныстық қызмет көрсету мағынасындағы, оның ішінде психологиялық көмек сұрап қарым-қатынас құру, массаж секілді қызметтердің де жарнамасына рұқсат етілмейді. Бұған қоса, сәбилерге арналған ана сүтінің орнын алмастырушы, биологиялық қоспалар, энергетикалық сусындар жарнамасына да қатаң тыйым салынған.

 Еске сала кетсек, Түркменстанда 13 қаңтардан бастап темекі өнімдері заңды саудадан шығарылды. Ел астанасы Ашхабадта қоғамдағы денсаулық қауіпсіздігін қорғау жөніндегі қызмет өкілдері сауда орындарын тексеріп, темекі өнімдеріне сатылымнан алып тастауды талап етті.  

Сондай-ақ, сол уақытта Түркмен билігі халыққа доллар валютасын сатуға да тыйым салды. Western Union ақша аудару бөлімдерінде қаржы тек жергілікті валюта – манатамен ресми курс бойынша берілуде. Ал шекара асушы азаматтарға республиканың Сыртқы экономика банкінің Visa картасын ашу ұсынылады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: