Араб тілі – Швециядағы екінші кең тараған тіл

Жаһан
Жарнама

Араб тілі Швеция республикасында кең тараған екінші тіл. Бұл туралы белгілі швед тіл маманы, Стокгольм университеті Жалпы лингвистика факультетінің оқытушысы Микаеэль Парквалль мәлімдеді.

Сарапшы 2012 жылғы сауалнамаларды, сондай-ақ, Швеция Көшіқон басқармасы мен Мектеп білімі басқармасы деректерін талдай отырып, осындай тұжырымға келді.

Сауалнамада 200 мың тұрғын швед тілін ана тілі санаса, 155 мың адам араб тілін таңдаған. Араға төрт жыл салып, Швецияның жалпы халық саны 10 млн-нан асты. Бұдан бөлек, елге Таяу Шығыс елдерінен 163 мың босқын қоныстанған.

Швецияда тіл қолданысы бойынша арнайы статистика жүргізілмеуі себепті, мұндай тұжырым жасау ұлттық азшылық қауымға жағымсыз әсер етуі мүмкін болғанымен, сарапшы араб тілінің елде швед тілінен кейінгі, екінші орынды иеленетініне сенімді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: