Пәтуа: Өзгенің Wi-Fi-ы халал ма?

Жаһан
Жарнама

Дубайдың Ислам істері мен қайырымдылық қызметі жөніндегі департаменті мұсылмандарды өзгенің Wi-Fi желісін қолданудан сақтандырды, деп хабарлайды GulfNews.

«Өзгенің иелігіндегі затты ақысын төлемей пайдалануға рұқсат етілмейді немесе оның иесінің келісімін алу керек. Сол сияқты, интернетті де оның ақысын төлеп барып, пайдалану керек» делінген пәтуада.

Пәтуада өзгенің Wi-Fi желісін рұқсатсыз қолдану кезінде интернеттің жылдамдығы төмендеп, желі иесіне нұқсан келтіретіні, ал мұндай жағдай шариғатта құпталмайтыны ескертілді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: