Пайғамбар мешітінің имамы өмірден өтті

Жаһан
Жарнама

Мәдина қаласындағы Пайғамбар мешітінің имамы Мұхаммед Аюб дүниеден озды. Белгілі шейхті өзі ұзақ жылдар қызмет еткен мешіт маңында «әл-Бакия» қабіріне жерледі.

Имам Мұхаммед Аюб 1952 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Ол Құранды 12 жасында жатқа оқыған. Мәдинадағы Ислам университетін тәмамдаған соң, Құран бойынша диссертация қорғап, ғылым кандидаты атанды.

Мұхаммед Аюб ең үздік қарилардың бірі еді. Оның оқыған Құран таспалары әлем бойынша мұсылман қауымының арасында кең тараған. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: