Al Meera Рамазанда тауарды өз бағасында сатады

Жаһан
Жарнама

Катардағы бөлшек сауда саласындағы жетекші Al Meera (Al Meera Consumer Goods Company) гипермаркет желісі қасиетті Рамазан айы қарсаңында 1437 тауарды өз құнында сату туралы ұсыныс тастады.

Бұл ұсыныс Al Meera желісінің барлық филиалында Рамазан айының соңына дейін өз күшінде болады.

Компания Катар азаматтарын тұрмысқа қажетті өнімдермен қамту үшін ел аумағында 31 филиал ашқан.

«Біз қасиетті Рамазан айында тұтынушыларға ең жақсы ұсыныстарды жасауға мүдделіміз. Осы жылы да біз әртүрлі дәмді өнімдерді ұсынғымыз келеді. Оны хижрет жылының құрметіне 1437 түрлі тауар түріне бөлсек деп жоспарладық» дейді Al Meera бас директорының орынбасары доктор Мохаммед Нассер әл-Қахтани.

Al Meera компаниясы сонымен қатар, бүкіл ел көлемінде қасиетті айдың құрметіне қайырымдылық ұйымдары өткізетін Рамазан жобалары мен бағдарламаларына да қолдау білдіретіндіктерін мәлімдеді.

Ал Al Meera-ның қызметі Ислам істері және уақф министрлігі тарапынан үйлестіріледі. Министрлік Катардағы ірі мешіттерде Рамазан айында оқылатын тарауих намазы кезінде ауыз су мен майлық қағаздарын тарату ісіне қол жалғамақ. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: