Ресей темір жолы халал асхана жүйесін енгізбек

Жаһан
Жарнама

Таяу уақытта Ресейдің шығыс және оңтүстік бағыттағы пойыздарында халал асхана пайда болуы мүмкін. Бұл жайында Ресей Мүфтилер кеңесінің ресми сайты хабарлады.

Бұл Мүфтилер кеңесі мен Ресей темір жол ААҚ арасындағы келіссөздер нәтижесінде шығарылған шешім.

«Кездесу кезінде Ресей қоғамында этникалық мұсылман қауымының көбеюі ескеріліп, компания қызметіне де өз әсері болатыны атап айтылды. Жедел шешілуі тиіс міндеттердің бірі жолаушы мұсылмандардың талап-тілектеріне лайықты жауап қайтару. Бұл ретте шығыс және оңтүстік бағыттағы пойыздарға «Халал» сертификатын алған өнімдерді шығару керек» деп мәлімдеді Мүфтилер кеңесінің баспасөз қызметі.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: