Үндістанда көне Құран сандық үлгіге көшіріледі

Жаһан
Жарнама

Пенджаб штатындағы Патиала қаласы университетінде осыдан жүз жыл бұрын басылған Құранның сирек қолжазбасын зерттеп, сандық үлгіге көшіру жоспарлануда.

Пенджаб тіліндегі Құранның жалғыз нұсқасы саналатын қолжазбаны Субхаша Парихар есімді тарихшы сақтап келеді, деп жазады The Indian Express.

Құран Кәрімнің пенджаб тіліндегі аудармасы 1911 жылдың сәуір айында Амритсар баспаханасында жарық көрген. Бір қызығы, аударманы сикх діни қызметкері Вайдья Гурдит Сингх Аломхари жасап шыққан, ал басылым қаражатын индуист және сикх өкілдері көтерген.

Тарихшы Парихар бұл жазбаны алғаш рет мұсылман досынан көрген. Бұған дейін кітап Коткапурлік ақынға тиесілі болған. Ақын қаза болғаннан кейін Құран қолжазбасын ақынның ұлы тарихшыға сыйлайды.

«Біз әзірше Құранның пенджаб тіліндегі осыған ұқсас өзге нұсқасын кезіктірмедік. Қазіргі уақытта біреу ғана қолымыздағы... өте бағалы саналады. Бұл индус, сикх және мұсылман халықтарының бірлігін паш етеді» дейді Парихар.

Пенджаб университеті ректорының орынбасары, доктор Джаспал Сингх аталмыш Құран кітабы Урду кафедрасы мамандарының толық зерттеуінен өткеннен кейін оның сандық көшірмесі әзірленетінін мәлімдеді.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: