Ресей имамдары әскерде қызмет етеді

Жаһан
Жарнама

Ресей Федерациясында Қарулы күштер қатарына имамдар даярлау курсы ашылды. Бұл туралы Ресей бас мүфтиі, орталық мұсылмандар басқармасының төрағасы Талғат Тәжуитдинов мәлімдеді.

«Қарулы күштер үшін имамдар даярлау курсының ашылуы Ресей әскерінің белгілі бір бөлігін мұсылман құрауына байланысты болып отыр. Әскери мұсылмандар да шынайы ислам жайында дұрыс мәлімет алуға құқылы. Қазіргі уақытта осы мақсатта 15 имам дайындықтан өтті» дейді Ресей мүфтиі журналистерге берген сұхбатында.

«Имамдарды әскерге тарту мәселесінде қорғаныс министрлігімен келісімшарт жүргізілді. Қазіргі кезде мұсылман әскерилермен жұмыс істеуді оң ықпал тигізетін офицерлерге арналған оқу құралы әзірленуде» деді Т.Тәжуитдинов.

Ресей бас мүфтиі қарулы күштер қатарына әскери имамдар институтын енгізу мәселесі дінаралық кеңестің РФ президентіне жасаған өтініші негізінде іске асып отырғанын атап өтті.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: