Рамазан айында жалған жеңілдік ұсынушылар жазаланады

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясы Сауда және инвестиция министрлігі бас директоры Фейсал әл-Руваили Рамазан айына арнайы жалған жарнама жасаушы компаниялар қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

Жалған жеңілдіктер коммерциялық құқықбұзушылық қатарына жатады. Бұл үлкен айыппұл төлеуге, кей жағдайда сауда орнын жауып тастауға ықпал ететін жағдай болмақ.

Әл-Руваили барлық кәсіп иелеріне өз істерінде адал болуға шақырып, әр тауардың нақты бағасын жазу керектігін ескертті. Бас директор кез келген заң бұзу әрекеттері тұтынушыны алдауға, ол өз ретінде заң тұрғысынан жазаланатынын атап өтті. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: