Австралияда «мұсылман ауылы» пайда болады

Жаһан
Жарнама

Австралияның Мельбурн қаласында ерекше шағын аудан пайда болады. Тек қана мұсылман тұрғындарға арналған аудан «Иқро ауылы» деп аталмақ.

Жоспар бойынша аталмыш ауданға Оңтүстік Азиядан көшіп келуші мұсылмандар қоныстандырылады. Аудан орталығында үлкен мешіт те салынады. Сонымен қатар, балаларға арналған арнайы мұсылман мектебі тұрғызылмақ.

Инвесторлардың есебіне сәйкес, жаңа шағын аудандағы үйлерге сұраныс көлемі жоғары болмақ. Себебі, мұнда ешбір исламофобиялық қысым көрмей толықтай мұсылманшылықты сақтап өмір сүруге мүмкіндік мол. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: