БҰҰ конференциясында сөз сөйлеген мұсылман ару көпшілікті таңдай қақтырды

БҰҰ конференциясында сөз сөйлеген мұсылман ару көпшілікті таңдай қақтырды

Жаһан
Жарнама

24 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – Даун синдромы бар мұсылман қызының БҰҰ-ның конференциясында сөйлеген сөзі әлеуметтік желілерде көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Сауд Арабиясының атынан шыққан Шәйма Әбдірахман дамуында ауытқушылық бар балалардың білім алуы жайында сөз сөйледі. Ағылшын тілінде жасаған баяндамасында Шәйма денсаулығына қатысты мүмкіндіктері шектеулі балалардың да сапалы білім алуға құқылы екенін айтып өтті. Сонымен бірге, Шәйма Әбдірахман өз үлгісімен Даун синдромы бар жеткіншектердің де үздік нәтижелерге қол жеткізе алатынын және қызыл тілге шешен бола алатынын дәлелдеді, дейді  IslamNews.

Әлеуметтік желілерде Сауд Арабиясынан келген арудың БҰҰ конференциясындағы баяндамасы тұтынушыларды тәнті етіп, көптеген жақсы пікірлер жинады.  

Бөлісу: