Қағба жамылғысы көтерілді (ФОТО)

Қағба жамылғысы көтерілді (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

2 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz - Қажылық маусымына орай Қағба жамылғысы көтерілді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме ummet.kz тілшісі.

Бүгін Мекке шаһарындағы қасиетті Қағбаның жамылғысы (қисуа) көтеріліп, қажылық маусымына дайындық жүргізілді. Қара түсті Қағба жамылғысын қызметкерлер жерден үш метр биіктікке жоғары көтеріп, арнайы ақ жіппен көктеп шықты.

Қасиетті Қағба кешенінің бас директоры Ахмад әл-Мансуридың айтуынша, бұл шара қисуаның бүлінбеуі және таза сақталуы үшін арнайы жасалып отырған көрінеді. Айта кетейік, қажылыққа барған көп жандардың қасиетті Қағбаға қол тигізіп қана қоймай, тәбәрік ретінде қисуаның бір бөлігін өздерімен ала кетуге тырысатыны бар.

Бөлісу: