4D Құран музейі ашылады

4D Құран музейі ашылады

Жаһан
Жарнама

30 қазан. АСТАНА. Ummet.kz – Әлемде тұңғыш рет 4D форматындағы Құран музейі ашылуы мүмкін. Индонезия Маланга қаласында ислам орталығын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Malang Times порталының жазуынша, онда 4-D форматындағы Құран музейі болады. Бұл музейдің құрылыс жобасы 2019-2023 жылдарға жоспарланған. Ислам кешені жобасында 5,56 га жер және $ 29,69 млн қаражат бөлінген.

Музейде сыртқы өлшемдерге емес, оның ішкі мазмұнына, яғни Алланың сөзі Құран Кәрімге назар аударылады. Мұнда Дубайдағы Этихад музейі дизайны үлгі етілген. Құран музейінің 4D форматы аяттардың мазмұны мен мағыналары өте сапалы түрде көрсетіледі.

Құран музейі құрылысы Индонезияның аймақтардағы халал-туризмді дамыту бойынша үкіметтік бағдарламасына енгізілген.

Бөлісу: