Ресейде мұсылманша сән үлгісі кеңінен таралады

Ресейде мұсылманша сән үлгісі кеңінен таралады

Жаһан
Жарнама

29 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Сән тарихшысы, өнертанушы Александр Васильев Ресейдегі мұсылманша сән үлгісінің болашағы жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Әулеттік құндылықтар. Қолға түскен естеліктер кітабы» атты кітабының презентациясында Ресейдегі сән үлгісінің болашағы жайлы пікірін білдірген А.Васильев бұдан 5 жыл бұрын Ресейде мұсылманша киім үлгісінің кеңінен таралатынын айтқанын еске түсірді. Қазір де сол сөзін нықтай түсті:

«Сіз қандай да бір сән журналын ашып қарасаңыз, Жаңа жылға арналған мерекелік киім үлгісіне орамалды қалай үйлестіріп тағу жөнінде мысалдар көресіз. Мен бұл жайында 5 жыл бұрын айтқанда, маған біз орамал тақпаймыз деген еді. Ал, мен айтамын, тағасыздар, қуана-қуана тағасыздар».

РИА агенттігінің хабарлауынша, өнертанушы сондай-ақ, сән әлемінде саясаттың рөлі зор екенін айтты, «әсіресе саяси өзгерістердің» рөлі. Әрі қарай сөзін жалғаған А. Васильев: «Мысал үшін, революцияға дейінгі және кейінгі сән үлгісі тіпті бөлек, дәл сол сияқты соғысқа дейінгі және кейінгі сән үлгісі де, тіпті соғыс кезіндегі киім үлгісінің өзі басқаша болды. Не десек те сән әлемінде стильден бөлек қозғаушы күш – ақша. Қоғамда әр түрлі, экономикалық, әскери, саяси себептерге байланысты тұтынушы болмаса сән әлемі тұралап қалады, сөйтіп өзгеше формаларға айналады», - деді.

100

Бөлісу: