2019 жылға Қазақстан үшін 3 200 қажыға орын бөлінді (ФОТО)

2019 жылға Қазақстан үшін 3 200 қажыға орын бөлінді (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

28 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Сауд Арабия Королдігінде 2019 жылғы қажылық маусымының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары бойынша екі жақты ресми кездесулерге қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстандық делегация Сауд Арабия Королдігі (САК) Қажылық және умра министрінің орынбасары Абдулфаттаһ бен Сүлеймен Машшаттың қабылдауында болды.

Кездесуге наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің төраға орынбасары Балғабек Мырзаев, Қазақстанның Жидда қаласындағы консулдық басшысы Талғат Шалданбай, Азаматтық авиация комитетінің Халықаралық қатынастар және әуе тасымалдары басқармасының бас сарапшысы Тимур Тілегенов қатысты.

Кездесуде 2019 жылғы қажылық маусымының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары, виза шығару, әуе тасымалдау, қажылардың денсаулығы мен жол қауіпсіздігі, т.б. мәселелер талқыланды. 

Қажылық және умра министрінің орынбасары Абдулфаттаһ бен Сүлеймен Машшат мырза Қазақстан Қажылық миссиясының өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы оң пікірін білдірді.

Басқосу нәтижесінде Сауд Арабия Королдігінің Қажылық және умра министрлігі 2019 жылға Қазақстан үшін 3 200 қажыға орын бөлді. Тараптардың міндеттері мен мақсаттарын айқындайтын келісім құжатына қол қойылды. ҚМДБ тарапынан төраға, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, САК Қажылық және умра министрлігі тарапынан вице министр Абдулфаттаһ бен Сүлеймен Машшат мырза аталған құжатқа қол қойды.

Айта кетсек, еліміз үшін берілген 3 200 квота – Қазақстаннан 3 200 адамға дейін қажылық парызын өтеуге мүмкіндігі бар деген сөз. Ал мүфтияттың талаптарына сәйкес келген, Қажылық комиссиясының шешімімен қызмет көрсетуге лайықты деп табылған фирмалар ғана жұмыс істейтін болады.

LRM EXPORT 128810989402991 20190128 093532082

LRM EXPORT 129071632238360 20190128 093952725

LRM EXPORT 129159755114108 20190128 094120848

LRM EXPORT 129268044557036 20190128 094309137

LRM EXPORT 129311811631446 20190128 094352904

LRM EXPORT 129338178514196 20190128 094419271

LRM EXPORT 129388783146625 20190128 094509875

LRM EXPORT 129664157495947 20190128 094945250

Бөлісу: