Тек діни әуендер жазатын студия ашылды

Тек діни әуендер жазатын студия ашылды

Жаһан
Жарнама

28 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Ұлыбританияда тек қана діни әуендер жазатын студия ашылды, деп хабарлайды islam.ru сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жас кәсіпкерлерге арналған грантты ұтып алған 20 жасар студент Лидса Сафия Хафиджи өз идеясын жүзеге асыра алды. Оның ашқан музыкалық студиясы тек діни әуендер (нашид) жазуға бағытталған. Лейблдің атауы – Enlighten Records.

Қазіргі күні жас кәсіпкер әлемдік мұсылман өнерпаздарының арасынан талантты орындаушылар іздеп жүр. Осы мақсатта конкурс ұйымдастырылды. «Жүзден жүйрік» шыққан жеңімпазбен келісімшарт жасалады.

«Біздің мақсатымыз дарынды өнер иелеріне жол ашу әрі рухани азық болатын әуенге платформа дайындау арқылы әлемдегі барлық адамның одан ляззат алуына жағдай жасау», - деп Сафия өз мақсатын жеткізді.   

Бөлісу: