Күмбезі көп мешіт туристер көп баратын нысанға айналды

Күмбезі көп мешіт туристер көп баратын нысанға айналды

Жаһан
Жарнама

20 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бангладеш жеріндегі Джинай өзенінің жағалауында орналасқан бұл құлшылық ордасы өзінің бірнеше артықшылықтары арқасында әлем туристерін өзіне ынтықтырумен келеді, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Шамамен 15 000 адамға лайықталып салынған мешіттің 201 күмбезінің өзі қызығушылық тудырып, жыл сайын он мыңдаған жанның Бангладешке саяхаттауына себеп болардай.

Бұдан бөлек, құлшылық ордасының мұнарасы да өзіндік артықшылыққа ие. Биіктігі 137 метр болатын мешіт мұнарасы Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең биік бетон мұнара ретінде тіркелген.

Құлшылық ордасының құрылысы 2013 жылы басталған. Жобаның жалпы құны 13 млн долларға бағаланған.

Бөлісу: