«Бақара» сүресі, 183-аят.

"Уа, мүміндер! Сендерден бұрын өткен қауымдарға парыз етілгендей, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге де ораза ұстау парыз етілді"

Карантин кезіндегі Рамазан айы

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында індеттің таралуын алдын алу мақсатында карантин кезінде тарауих намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтынын мәлімдейді. Әркім тарауих намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес береміз. Біз осылай оқшаулану арқылы індетті жеңеміз»

map
Пітір садақасын KASPI.KZ мобильді қосымшасы арқылы қалай аударамыз?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Каспи банк басшылығы арасында жасалған келісімге сәйкес пітір садақасы мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады

Діни сұрақ-жауап Орталығы