25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Еліміздегі төтенше жағдай мен карантин кезеңінде басталғалы тұрған қасиетті Рамазан айына байланысты халықты мазалаған сұрақтардың жауабын топтастырып жариялауды жөн көрдік.

Тікелей эфир арқылы жұма намазын оқуға бола ма?

Сұрақ: Соңғы уақытта жаман індеттің тез таралуына байланысты мешіттерімізде жұма, жамағат намаздары тоқтатылды. Мұндай шешімді Қазақстан ғана емес, Түркия, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Кувейт, Мысыр сынды әлемнің көптеген мұсылман мемлекеттері қабылдады. Осы жағдайға байланысты жамағат тарапынан жұма намазын тікелей эфир арқылы имамға ұйып оқуға бола ма деген сұрақтар туындауда.

"Харам айлар" деп қандай айларды айтамыз? Олардың ерекшелігі қандай?

Құранда бұл жайында: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні  жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны он екі, олардың төртеуі харам айлар. Міне, ең дұрыс үкім, әрі мінсіз жүйе (есеп) – осы. Ендеше бұл айларда (яғни қасиетті айларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар,» (Тәубә сүресі, 36 аят) – делінген.

Бұл іс-әрекет бір адамдар үшін жаңалық болса енді біреулер үшін әдетке айналған. Ал біреулер болса сол істі орындамаса намазы қабыл болмай қалатындай сезімге түскен. Саусақ көтеру қай хадистерде келтірілген? Ол амалдың негізгі үкімі қалай? Әһлу сунна ғалымдарының ол хадистерден алған үкімдері қандай? Осы сұрақтарға қысқаша жауап беруге тырысамыз.

«Уәде – Алла сөзі» дегенді қалай түсінеміз?

Сұрақ: Ассалаумағалайкүм. Кейде намазхан бауырларым берген сөздеріне жеңіл-желпі қарайтынын байқаймын. Исламда сертінде тұру, сөзге беріктік дегенді қалай түсіндіреді?