18
Жм, Там
49 Жаңа

Неліктен Алла Тағала құлдарына тікелей тіл қатпай, Пайғамбарлары арқылы тіл қатуда?

Сұрақ-Жауап
Шрифт

Сұрақ: Неліктен Алла Тағала құлдарына тікелей тіл қатпай, пайғамбарлары арқылы тіл қатуда?

Жауап: Алла Тағала адамдарға тікелей тіл қатып, яғни уахи жіберіп әмір мен тыйымдарын ашық білдіретін болса, бұл дүниенің жаратылу мақсатындағы «сынақтың » ешқандай маңызы қалмайды. Егер солай болатын болса, ғайыпқа қатысты иманның ешқандай қадір-қасиеті қалмайды. Әмір мен тыйымдарды тікелей Алла Тағаладан алған адамдар, ақиқатты толық ұғынғандықтан бұл әмірлер мен тыйымдарға мойынсұнуға мәжбүр болады. Бұл болса адамның қалауымен, өз еркімен жақсылық пен жамандықты таңдауына кедергі болып, сыйлық пен жаза мән-мағынасыз болып қалады.

Бұған қоса адамдардың түсінігі мен қабілетінің дәрежелері де әр түрлі. Себебі өмірде атқаратын қызметтері де бір-бірінен өзгеше. Егер барлық адамдар өте қабілетті болғанда, кейбір істерді ешқайсысының істегісі келмейтін еді. Ең қарапайымнан күрделісіне дейін дүниедегі барлық қызметтердің атқарылуы үшін, адамдардың қабілеттерінің әр түрлі болуы қажет.

Адамдарды тура жолға салып құтқаратын, оларға жөн көрсететін және адамдардың озбырлығы мен жәбірлеріне төзе білетін кісілердің өте қабілетті әрі төзімді болулары шарт. Өзінің соңынан еретін халықты таң қалдыратын ерекшеліктері мен көркем мінез-құлқы болмаса, пайғамбар адамдарды әсерлендіріп, оларға бағыт-бағдар бере алмайды.

Қарапайым көсемнің де қарамағындағы адамдардан артық әрі ерекше қасиеттері болмаса, бұл мәртебеге келе алмайды. Ешқандай халық қабілетсіз, дарынсыз жай ғана біреуді өздеріне көсем етіп сайламайды.

Осыған орай ұлы ерекшеліктер мен қасиеттер пайғамбарлардың жаратылысынан бар нәрсе. Бірақ олар бұл табиғи ерекшеліктерін қолдана отырып, өз қабілеттерімен пайғамбар бола алмайды. Пайғамбар болу осындай қабілетті кісілердің ішінен иләһи қалаумен таңдалып алынып, міндет жүктелген кісілерге ғана нәсіп болады. Басқаша айтқанда нәбилік пен расулдық тырысып, әрекет ету арқылы қол жеткізетін нәрсе емес. Алла Тағала құлдарының арасынан қалағанын бұл міндетпен жауапты қылады. Бұл жайында Құранда былай делінген:

اللَّهُ أَعْلَمُ حَيْثُ يَجْعَلُ رِسَالَتَهُ

«… Алла пайғамбарлықты кімге беретінін жақсы біледі» (Әнғам сүресі 124-аят)

 

Ummet.kz

e-max.it: your social media marketing partner