20
Сенбі,
Сәуір

һижри

ҰБТ үшін ауыз ашуға болады ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ас сәләму әлейкум уа рахматуллахи уә бәрәкәтүх. Мен 11-шы сынып оқушысы едім. Ораза ұстауға ниететтім. Бірақ ҰБТ емтихандарға дайындалуыма оразам қиындық туғызадыма деп қорқамын. Сынақ болатын күндері оразамды ашып басқа күні өтесем бола ма?

Жауап:

Уаалейкум салам уарахматуллаһиуабаракатуһ. Ұстағалы жатқан оразаныз қабыл болсын.

Ораза ұстауға келсек, ақыл-есі дұрыс, балиғат жасқа толған, дені сау, қандай да бір үзірі болмаған (және де әйелдерге қатысты белгілі күндері болмаған жағдайда)әрбір мұсылман адам үшін ораза ұстаудың үкімі парыз. Бұл туралы Алла Тағала:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

«Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар(Бақара 183)» дейді. Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с) болса:

بني الإسلام على خمس شهادة أن لا إله إلا الله وأن محمدا رسول الله وإقام الصلاة وإيتاء الزكاة وحج البيت وصوم رمضان

«Ислам бес нәрсеге құрылған. (Олар:) «Алладан басқа тәңір жоқ, ал Мұхаммед Оның елшісі» деп куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, қажылық жасау және Рамазан айының оразасы (Бухари,Муслим)»,–деп парыз екенін нақтылап көрсеткен.

Алайда, Ислам діні кеңшілік діні. Ислам діні адамдарға қиындықты қаламайды. Сол себепті де кей жағдайларға қатысты үзірлері болған адамдарға Құран мен хадистерде ауыз ашуға рұқсат берген. Олар: науқас адам, жолаушы адам, құрсағындағы баласы үшін қорыққан жүкті әйел, емізулі баласы үшін қорыққан әйел, оразаға шамасы келмейтін қарт адамдар т.б.

Ал енді емтихан тапсыру мен оған дайындалу бұл топ адамдардың қатарына кірмейді. Сол себепті де ҰБТ үшін ауыз ашуға рұқсат берілмейді. Ең турасын Алла біледі. 

Бөлісу: