24
Сс, Қаз
17 Жаңа

Құрбанды бірігіп шалуға бола ма?

Сұрақ-Жауап
Шрифт

Биылғы Құрбан айт мейрамы қыркүйектің 1-іне келіп тұр. Бұл – пенделік пейілден арылып, жасаған ізгі амалдармен жүректі тазартып, Жаратушыға жақындата түсетін ұлық мереке. Алла разылығы үшін шалынған құрбанның әрбір қылы үшін сауап бар. Осы ретте жалғыз өзі құрбан шалуға жағдайы жоқ, бірақ ниеті бар адамдардан жиі келетін сұраққа жауап беруді жөн санадық. Сонымен, бірігіп құрбан шалуға бола ма?

Жауап: Қой мен ешкі тек бір адамға ғана жарайды. Ал түйе мен сиыр секілді ірі-қараны бір кісіден жеті адамға дейін бірігіп немесе бір адам жеке өз атынан да шалуға болады. Жәбир (р.а) жеткізген хадисте: «Біз пайғамбарымызбен (саллааллаһу аләйһи уә сәлләм) Хұдайбияда түйе мен сиырды жеті адам ортақтасып құрбандыққа шалдық» дейді. (Тирмизи, Әбу Дәуіт, Нәсаи, Ибн Мажә).

Ханафилер жеті адам бірігіп құрбандық шалған жағдайда, барлығы құрбандық құлшылығын өтеу ниетінде болуы шарт. Егер араларынан біреуі құрбандықтан басқа нәрсені, мәселен тек ет алуды көздеген болса, барлығының құрбаны жарамай қалады. Өйткені қан ағызуда бәрінің ниеті бір болуы керек.

Құрметті мұсылман қауым, тақырыбымызға орай, «Нұр Астана» орталық мешіті «Жетеудің бірі бол да, Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық шарасына атсалысуға шақырады!

WhatsApp Image 2017 08 08 at 12.05.36

Қатысушылар бір ірі қара малды жеті адамнан бірігіп құрбандыққа шалады.  

Жеті кісі ортақтасып шалатын құрбандыққа - 35 000 (отыз бес мың) теңгеден жиналады.

Толық мәліметті «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамдарынан алуға болады.

Қатысушыларды тіркеу 30 тамызға дейін жалғасады.

Құрбандық еті мұқтаждар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таратылады. 

«Раббың үшін құрбан шал» («Кәусар» сүресі, 2-ші аят) 

8 (71-72) 44-58-48, 87023968396, 87784326066, 87025299909

ummet.kz

e-max.it: your social media marketing partner