24
Сс, Қаз
17 Жаңа

Табиғи ресурстар мен пайдалы қазбалар біте ме?

Сұрақ-Жауап
Шрифт

Сұрақ:

Ассалаумағалейкум. Құранда немесе хадистерде - жердегі табиғи ресурстардың, пайдалы қазбалар және олардың аяқталып қалуы жайлы жазылған ба?

 

Динара

Жауап:

Уағалейкум әссәләм уә рахматулла! Сұрағыңызды екі бөллікке бөліп қарастырайық.

  • Құран мен хадистерде табиғи ресурстар және пайдалы қазбалар туралы жазылған ба?
  • Олардың таусылып қалатыны туралы сөз етілген бе?

Әуелі Құран Кәрімде аты аталған қазбаларды айтатын болсақ;

Біріншісі: темір – «Сондай-ақ болмысында (әсіресе, соғыс құралына айналғанда) зор күш қуат болған әрі адамдар үшін пайдасы мол темірді де түсірдік». (Хадид 25)

Екіншісі: мыс – бұл хадид сүресінің 35 аятында келеді. Бірақ ол жерде мыстың ақыреттегі бір жағдайы айтылған. Және ғалымдардың ол жердегі мыстың тура мағынасында немесе ауыспалы мағынасында келгендігі жөнінде пікір қайшылықтары болғандықтан біздің тақырыбымызға тікелей қатысы жоқ. Сол себепті оған тоқталмаймыз.

Үшінші және төртіншісі: алтын және күміс «Әйелдер, еркек кіндік балалар, қап-қап алтын мен күміс, асыл тұқымды сәйгүліктер, төрт түлік мал мен егінжай сынды нәпсінің құмарын арттыратын дүниелер адамдардың көз жауын алатындай тым тартымды етілді. Әсілі, бұлар дүние тіршілігінің (өткінші) қызығы мен бұйым-боқшасы ғана. Шүбәсәз, (адам жаны жай табатын) ең тамаша мекен Алланың құзырында». (Әли Имран 14)

Ал хадистерде: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адамдар алтын мен күміс секілді кенмен тең. Жаһилиятта жақсылардан болғандар Исламды қабылдап, оны терең түсінетін болса, мұсылмандықта да ізгі-жақсылардың қатарынан табылады» , делінген. (Бухари, Муслим)

Ал енді сұрақтың екінші бөлігі, осы қазба байлықтарының сарқылып сарқылмауына келсек, бұндай байлықтар белгілі бір жерден бітпей шыға береді деуге келмейді. Бірақ Алла Тағала бұл дүниелік ләззаттардан адам баласын толық айырып та тастамайды. Яғни бір жерде бітсе Алланың қалауымен басқа жерден шығуы мүмкін. Бұлай дейтініміз жоғарыдағы бір аятта темірдің адамзаттың пайдасы үшін түсірілгені айтылған болатын. Ал адамзат қияметке дейін жер бетінде қалып әр дайым темірге мұқтаж болатындығы үшін және бұл аят қияметке дейін Құранмен бірге өзгерместен сақталатындығы үшін сенімді түрде темірдің бітпейтіндігін кесіп айтса болады. Басқаларын да осы мысалға салыстыра береміз.

Айта кететін мәселе: негізінде бұндай қазба байлықтар адамзаттың ризық- несібесіне жанама түрде байланысты. Ал ризық-несібені Алла Тағала тіршілікке жететін мөлшерде жібереді. Бұған біршама аяттар дәлел. Мысалы: Алла Тағала Құранда «Хижр» сүресінің 19-21 аяттарында былай дейді: «Біз жер жүзін кеңінен жайдық, оған мызғымас тауларды қазықтай қақтық және одан хикметпен өлшенген әр алуан өсімдіктер өсірдік. Сондай-ақ онда сендерге һәм ризығы сендердің қолдарыңда болмаған (яғни, ризығын тауып беруге қауқарларың жетпейтін) басқа да жаратылыстарға арнап тіршілік көздерін жараттық. Не нәрсенің болмасын қазыналары Біздің құзырымызда. Біз оны белгілі бір мөлшерде ғана түсіреміз».

         Және де Алла Тағала Құранда: «Әрбір жаратылысқа белгілі бір өлшем, жүйе мен тағдыр тағайындады», дейді. (Фурқан 2)

Ummet.kz

e-max.it: your social media marketing partner
E-mail таратылымға жазылып, ислам жаңалықтарын бірінші болып оқыңыз.