Еліміздің Бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет 27 қаңтар, жұма күні Астана қаласындағы «Нұр Астана» орталық мешітінде жұма намазының алдында уағыз айтты. Мәуліт айының жақындауына орай, Дінбасы «Пайғамбар миғражы» атты тақырыпта уағыз айтып, уағызда сүйікті пайғамбарымыздың (с.а.с) көкке көтерілуі, Алла тағаламен тілдесуі, елу уақыт намаздан бес уақыт намаз болып қысқартылып, мұсылман үмметіне парыз етілуі және т.б. миғражға тән оқиғаларды баяндады.