26
Жұма,
Сәуір

һижри

Мина шатырларына қыштан еден төсейді

Жаһан

Сауд Арабиясының Мина жазығындағы шатырлар едендеріне толықтай қыш тақтайшалар төселеді.

Үш жылға арналған жоба аясында төселетін қыш тақтайшалар 120 000 шаршы метрді қамтиды.

Marwa ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Мина жазығындағы шатыр аумағының 30 пайызына еден төселіп қойған.

Жобаның алғашқы сатысына шетелдік қажылар тоқтайтын территориялар, оның ішінде Жамарат, әл-Шуабатин және Минаның солтүстік секторы енді.

Жұмыс жобасы корольдіктің Қаржы министрлігі Мемлекеттік инвестициялық қоры арқылы қаржыландырылған.

Айта кетсек, биыл Мина жазығындағы шатырлардың 30%-ы заманауи ауа баптағыш құралдармен жабдықталды.

Ал Минада қажылықтағы екі ірі діни рәсім – жамаратта тас лақтыру және құрбан шалу атқарылады. Бес күн ішінде бұл жазыққа 3 мың адамға арналған 100 мыңға жуық шатыр құрылады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: