«Ой, сұмдық-ай, сұмдық! Ыңылдап миды жеді ғой түге! Қазтұрған, болды енді мен сенен ажырасамын. Саған мына қақпас керек пе, қатын керек пе?! Болмаса, масыл қылмай қарттар орманына апарып таста». Ділмәш осыны айтып, күн құрғатпай Қазтұрғанның басын қатырып қақшаңдағалы қашан.