20
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Құрбанның орнына садақа берсем бола ма?

Ханафи мәзһабы бойынша құрбан шалу бай[1], азат, балиғат жасына толған, ақылды, жолаушы болмаған мұсылманға – уәжіп.

Құрбандық шаларда айтылатын арнайы дұға бар ма?

Басқа біреудің атынан құрбандық малын шалу тапсырылған кісі оны малдың иесінің атынан: «Бисмилләһ, уа Алла, (мұны) пәленнен қабыл ет», - деп бауыздауы шарт. Бірақ біреудің Құрбандығын бауыздаушы адам оны өз атынан шалса да, ол мал иесіне ғана жазылады.

Пайғамбар (с.ғ.с) Зұлхижжа айын қалай өткізген?

Алла Тағала «Тәубә» сүресiнде: «Расында, Алла көктер мен жерді жаратқалы Оның Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне, осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер» деді.

Зұлхижжаның алғашқы 8 күнінде ораза ұстаудың үкімі

Алла Тағалаға ең сүйкімді де қасиетті айлардың (зүль-Қағда, зүль-Хиджа, Мухаррам, Ражаб) бірі – зүль-Хиджа айы. Оның ішінде Зұлхижжаның алғашқы он күні. Өйткені, бұл күндермен Алла Тағала Құранда серт еткен.

Зұлхижжаның алғашқы он күндігінің артықшылығы

Расында Алла Тағала құлдарына аса мейірімді. Осындай мейірімінің бірден-бір көрінісі Зул-хижжаның алғашқы он күні.   Пайғамбар ﷺ бұл күндерде салихалы, ізгі амалдарды барынша көбірек жасауға шақырған. Себебі бұл күндерде жасалған әрбір жақсылықтың Алла алдында ерекше орны бар. Олай дейтініміз, Зул-хиджа айы қасиетті айларға кіреді, әрі бұл он күннің ішінде «Арафа» күні бар. Сол үшін де осы күндерде тәубе жасауға асығып, тура жолға түсіп, Алланың әмірлерін орындауға талпынуымыз керек.

Құрбандық не үшін және кім үшін шалынады?

Кез-келген құрбан шалу, мейлі ол айт мейрамында шалынатын құрбандық болсын, мейлі бала туғанда сойылатын (ақиқа) құрбандық болсын, тек Алла Тағаланың разылығын көздеп, тек Алланың сауабынан үміт етіп жасалуы тиіс.

Құрбандық шалуда зор қайыр бар

«Құрбандыққа шалатын ірі қара малды (әсіресе түйені) Аллаға құлшылық етулеріңнің бір себебі, әрі Алланың дінінің айқын нышандарының бірі қылдық. Онда сендер үшін діни һәм дүнияуи зор қайыр (жақсылық) бар.

Құрбан шалу барлық адамға міндетті ме?

Ханафи мазхабында мерекелі құрбан шалу – мүмкіндігі бар әр  адам үшін  міндетті ғибадаттың түрі. Алла Тағала Құран Кәрімде «Каусар» сүресінде: «Раббың үшін Намаз оқы және құрбан шал» – деп, әмір етті.

Құрбан шалудың маңызы мен пайдасы

Құрбан айт күндері мұсылманның атқаратын ең жақсы ісі – құрбандық шалу. Осы арқылы пенде Алла Тағалаға жақын болады, күнәлары кешіріледі. Жаратушы Иеміздің көптеген нығметтеріне шүкіршілік білдіреді, бай мен кедейге кеңшілік жасалады.

«Құрбан» сөзі діни тұрғыдан алғанда «Құлшылық мақсатымен белгілі бір уақытта, белгілі бір шарттарға сай келетін малдарды өз тәртібімен бауыздау» дегенді білдіреді. Сондықтан, құрбандыққа арналған малдың да жарамды болуына қатысты кейбір шариғат қойған мынадай шарттар бар.

Құрбандыққа тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық тоқты бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалған абзал. Тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды.

Қой немесе ешкіні тек қана бір адам құрбан ретінде шалса, сиыр немесе түйені, яғни ірі қараны бір кісінің жалғыз өзі үшін немесе жеті кісі бірігіп, ортақ шалуларына да болады. Құрбанды ортақтасып шалған уақытта әрбір адам құрбан шалу ниетімен іске асыруы керек. Бір кісі құрбан ниетімен, ал екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал барлық ортақтар үшін құрбан болып есептелмейді.

Құрбан шалғанда «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, ләә илаһа иллаллаһу, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» деп тәкбір айтылып, «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» деп бауыздалады. Ең абзалы, құрбанды иесінің өзі бауыздағаны дұрыс. Басқаға өкілеттігін тапсырып сойғызуға да болады. Иесінің құрбан малының жанында тұрғаны жөн. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – сауап. Бір бөлігі туған-туыс, көршілеріне, екінші бөлігі кедей мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі өзінің бала-шағасына, отбасына беріледі.

Өлген кісі өзінің атына құрбан шалуды тапсырып кетпесе де, сауабын өліге бағыштау ниетімен құрбан айт күндерінде құрбан шалуға болады.