Өлімді қаншалықты жақын деп ойлайсың?

Өлімді қаншалықты жақын деп ойлайсың?

Ғибратнама
Жарнама

Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с) Әзіреті Әбу Бәкір (р.а) және Әзіреті Омармен (р.а) отырған сәтінде Омардан (р.а): 

-  Ей, Омар! Өлімді қаншалықты жақын деп ойлайсың? - деп сұрайды.

Әзіреті Омар (р.а):
- Жатқан кезде көзімді жұмғаннан кейін қайта аша алмайтындай жақын деп ойлаймын, - деп жауап береді.

- Баъиид, Я Омар, -  дейді Алла елшісі (с.ғ.с), яғни, "Алыс, ей Омар, алыс". Сосын Әбу Бәкірден (р.а) сұрайды:

- Сен ше, ей Әбу Бәкір, өлімді қаншалықты жақын деп ойлайсың? 

Әбу Бәкір (р.а):
- Алған демімді қайта шығара алмайтындай және шығарған демімді қайта ала алмайтындай жақын деп ойлаймын, - деп жауап береді. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

- «əл-Əəн. Міне, енді болды» - деген екен. 

"Барлық үмбеттің ажалы бар. Ажалдары келген кезде, бір сәт болсын кешіктіре де, ертелей де алмайды". (Құран Кәрім, "Ағраф" сүресі, 34-аят).

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: