Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с) Әзіреті Әбу Бәкір (р.а) және Әзіреті Омармен (р.а) отырған сәтінде Омардан (р.а):
- Ей, Омар! Өлімді қаншалықты жақын деп ойлайсың? - деп сұрайды.
Әзіреті Омар (р.а):
- Жатқан кезде көзімді жұмғаннан кейін қайта аша алмайтындай жақын деп ойлаймын, - деп жауап береді.
- Баъиид, Я Омар, - дейді Алла елшісі (с.ғ.с), яғни, "Алыс, ей Омар, алыс". Сосын Әбу Бәкірден (р.а) сұрайды:
- Сен ше, ей Әбу Бәкір, өлімді қаншалықты жақын деп ойлайсың?
Әбу Бәкір (р.а):
- Алған демімді қайта шығара алмайтындай және шығарған демімді қайта ала алмайтындай жақын деп ойлаймын, - деп жауап береді. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
- «əл-Əəн. Міне, енді болды» - деген екен.
"Барлық үмбеттің ажалы бар. Ажалдары келген кезде, бір сәт болсын кешіктіре де, ертелей де алмайды". (Құран Кәрім, "Ағраф" сүресі, 34-аят).
материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,
ummet.kz