Құрбан айт діни һәм дәстүрлі мерекеміз

Бір аят тәпсірі
Жарнама

Жақында ғана жалпы мұсылмандарға ортақ болған Құрбан айт мерекесі баршамызды қуанышқа бөлеп кетті. Жастар асық ойнап көңіл көтерсе, үлкендер арқан тартысу мен зіл көтеру сынды жарыстырда бақ сынасты. Ал қыз-келіншектер жағы болса қонақтарды ұлттық тағамдармен қарсы алып, мерекенің дәстүрлі тұсын алдымызға әкелді.

Бұл–Құрбан айт, ата-бабамыздан келе жатқан ұлы мереке, оны бүкіл халық болып тойлаймыз. Басқалай болуы да мүмкін емес. Себебі халқымыз о бастан ақ ислам дінін қабылдаған-ды. Дәстүрімізге сіңіскен бұл діни мереке ұлттық мерекедәрежесінде тойланатыны да осыдан.

Ал енді осы мерекені дін жағынан қарайық. Расында бұл мереке Құран Кәрімде аталған мейрам. Бұл мереке туралы Кәусәр сүресінде зікір етіледі. Ендеше осы сүренің тәпсіріне қысқаша тоқталайық.

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

إِنَّا أَعْطَيْنَاكَ الْكَوْثَرَ

فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ

إِنَّ شَانِئَكَ هُوَ الْأَبْتَرُ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен...

Шын мәнінде саған кәусәрді бердік.

Сондықтан Раббың үшін  намаз оқы, құрбан шал.

Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады.(Кәусәр 1-3)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

  • Әй, Мухаммед! Шын мәнінде саған кәусәрді бердік.

Тәфсіршілер арасында «кәусар» сөзіне бірнеше мағына айтылған. Олардың ішіндегі ең танымал мағынасы «кәусәр» деген–Алланың Пайғамбары Мухаммедке (с.ғ.с) берген жаннаттағы өзені. Ибн Омардан «р.а): «Кәусәр – жаннаттағы өзен, оның жағалары алтын мен күмістен, ол жақұт пен іншудің үстінен ағады, суы қардан аппақ, дәмі балдан тәтті»–деген, тағы бір сөзінде «топырағы мискттің иісінен де жұпар» екенін қосқан.

Екінші көзқараста «кәусәр» деген–мол жақсылық делінген. Ибн Аббас (р.а): «Кәусар Алланың Оған (с.ғ.с) берген мол жақсылығы» деді. Абу Башар деген кісі ибн Аббастың (р.а) үлкен шәкірттерінен болған Сағид ибн Жубәйрге (р.а): «Кей адамдар «кәусәрді»–жаннаттағы өзен деп жүр» дегенінде, Сағид (р.а) оған: «Жаннаттағы ол өзен Алланың Оған (с.ғ.с) берген мол жақсылығына кіреді»–деп жауап берген.

Үшінші көзқараста «кәусәр»– жаннаттағы Алланың Мұхаммедке (с.ғ.с) берген қауызы деген. Бұл көзқарасты ‘Ато айтқан.

  • Сондықтан Раббың үшін (айт) намаз оқы, құрбан шал.

Тәпсір ғалымдары бұл аятқа бірнеше көзқарас айтты. Соның ішінде: «Нахр (құрбан айт) күні айт намазын оқы, сосын құрбаныңды шал!» деп тәпсірлеген. Бұл жөнінде Әнәс ибн Малик (р.а) былай деді: «Пайғамбар (с.ғ.с) құрбандықты айт намазынан бұрын шалатын. Сосын бірінші намазды оқып артынан құрбан шалуға әмір етілді».

Икрима (р.а) да: «Намазды оқы, сосын құрбан шал»–деп тәпсірледі.

Рабиғ (р.а): «Егер құрбан айт күні айт намазын оқысаң құрбан шал»–деді.

‘Ато: «Айт намазын оқисың, сосын құрбан шаласың»–деді. Осыған ұқсас тағы біраз ғалымдардың сөзі айтылған.

  • Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады.

Әй, Мұхаммед! Расында сені жек көріп, жауласып жүргеннің өзі ұрпақсыз қалады. Мұндағы «ұрпақсыз қалады» сөзінің мағынасы– малы аз, абыройы төмен, ұрпағы кесілген, артынан оны ешкім де еске алмайды деген мағынада. Бұл адамның кім екенін тәпсір ғалымдары Уәил ибн Ас екенін айтты. Сонымен қатар кей ғалымдар оны‘Уқба ибн Әби Муғит деді. Басқа ғалымдар бұл аят құрайш руының бір топ адамын меңзеп тұр деді.

(Материал «Табари тафсирінен» қысқартылғна күйде алынды)

Ummet.kz

Бөлісу: