Іштегі жау

Іштегі жау

Дәстүр даналығы
Жарнама

Іштегі жау – нәпсі. Алайда оны жау көріп жүрген адам жоқтың қасы. Сондықтан нәпсісін танымай жасаған ғибадаттың барлығы әлгі «жау» еншісіне жазыла береді. Білген жөн. Сырттан жау іздеушілер негізінен сол іштегі «жаудың» құлақкесті құлдары. Сондықтан да оған жасалған қарсылықты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «үлкен жиxад» деп атаған.

Сыртқы әлемдегі келеңсіздіктер сол «майдан даласындағы» жеңілістеріміздің көрінісі. Алайда біз өз кемшіліктерімізді ұдайы сырттан іздейміз. Соған орай жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарымыз да сыртқы кейпімізді әспеттеуге негізделеді. Содан барамыз да «Сырты сұлу көрінер жылмиғанданың» керін келтіріп жүре береміз. Бұның бәрі діннің шынайы мәнін түсінбегендіктен туындауда. Себебі, материалдық сана барлық уақытта іштегі «жауға» қызмет етеді. 

Сыртқы кейпімізді ретке келтіргендей болған бір кезімізде «Қазақтың жауы - қазақ» дегенді жоққа шығарғандай болдық. Бірақ одан түзеліп кете қойғанымыз шамалы. Оны әріге бармай-ақ фейсбуктегі дау-дамайдан да бағамдауға болады. Осы «қасиетті сөз» дінге де үйлесіп-ақ тұр. Ол сөздің нобайы «Мұсылманның жауы - мұсылман» дегенге келеді. Ол жаулық әріден бастау алады. Әділ xалифалар Омар, Оспан, Әлиді өлтіргендер өзге емес, өздерін мұсылманбыз деп жүрген іштен шыққан жаулар. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қос немересі - Хасан мен Хұсейінді де өлтірген мұсылмандар. Одан кейін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шөбересі Имам Жаппар өлтірілді. Хұсейіннің қос қызы жау қолына сыйға тартылды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жиені Зүбәйір саxаба да мұсылмандар қолынан шаxид болды. Бұл – Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дәуіріндегі келеңсіздіктер. Мұсылмандардың мұсылмандарды қынадай қырған кезі одан кейінгі жылдары тіпті үдеп кетті. Ол қырғындар мемлекетаралық жаугершілік зардабынан емес, бір ел, тіпті аталас ағайындар арасында болған жағдайлар. Оның себебін таиxшылар тақ таласымен байланыстырғысы келеді. Шындығына келгенде ол текетірестің бәрі діни көзқарас қайшылығынан туындап жатты. Сол дүрдәраздық күні бүгінге дейін жалғасып келеді.

Материалдық тұрғыдағы жанжалдасудың себебі белгілі. Ол дау-дамайлар төркіні саясатқа келіп тіреледі. Ал мемлекетішілік тектірестер діни сенім алшақтығына байланысты туындайды. Бір мәзxаб, бір ақиданы ұстанамыз деп өзді-өзімізді алдағанымызбен діни тұтастыққа біз де қол жеткізе алмай келе жатырмыз. Ал ол іштегі «жау» мұсылман болмайынша әсте жүзеге аспайды. Сондықтан діни кикілжіңді тоқтатамыз десек, байырғы дәстүрлі дінімізге қайта қауышқанымыз жөн.

Құдияр БІЛӘЛ

Бөлісу: