21
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Жоғалып бара жатқан дәстүр: Шүлен тарату

Шүлен тарату, шүлен тарту – дәстүрлі қазақ қоғамындағы жәрдем мен қамқорлық түрі. Бұл – парыз да, зекет те емес, тегін таратылатын дүние-мүлік. 

Қазақы тыйым: Қолыңды артыңа айқастырма

Тұтқынға түскен адамның қолы артына қайырылып байланып, бұғауланады. Кейбір белі ауыратын қарт кісілер сүйеніш ретінде қолын артына ұстайтыны болмаса, былайғы адамдар, әсіресе жастар бұл әдеттен аулақ болған екен.

Қазақ дәстүріндегі енші беру институты

Қазақ халқының ұлға енші, қызға жасау беру салты қай заманда, қай дәуірде шыққанын ешкім дөп басып айта алмайды. Есесіне, өте ертеден қалыптасқан, ата-ананың бұлжытпай орындайтын парызы екенін бәрі білген. Ғасырлар қойнауынан жеткен осы көне дәстүр жайлы ел ішінде әртүрлі аңыз-әңгімелер жеткілікті.

Ұмытылған салт: «Бүйрек сыбаға» кімге беріледі?

Қазір мүлде ұмытылған, ертеде ел ішінде болған салттың бірі - "бүйрек сыбаға" деп аталған.

Бас ұстаған үлкендердің балаларға құлақ беру салты

Қазақта бас ұстаған үлкендер балаларға құлақ беретін салт ертеден бар.

Бесік әкелу салты – ана мен баланың құрметіне жасалатын той

Біздің қазақта "Бесік әкелу" деген әдемі салт болған.

Күйеу баланың міндеті мен атқаратын дәстүрлері

Қазақ отбасы дәстүрінде күйеу баланың орны мен ролі өте маңызды саналған. Күйеу балада төрт жұрт болады - өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты, ел жұрты. Мұны қазақ "ержігіттің төрт жұрты" деп атайды. Сол төрт жұртқа сыйымды болған жігітті "нағыз ер жігіт" дейді.

Балаларға арналған дәстүрлер: Тымаққа салу

Тымаққа салу – қазақтың дәстүрлі мәдениетінде ерекше орын алатын ырым. Бұл рәсім шала туылған балаларды қорғау, олардың өмір сүруіне тілек білдіру мақсатында жүзеге асырылады. Тымаққа салу дәстүрі, ең алдымен, бала өмірінің алғашқы кезеңіндегі нәзік сәттерге деген ерекше құрметтің белгісі.

Әмеңгерлік дәстүрі: Әйел ерден кетсе де, елден кетпейді

Әмеңгерлік дегеніміз – ері дүниеден өткен әйелдің қайын ағасына яки қайын інісіне өз келісімі мен ризалығын беруі арқылы некелесуі. Мұның астарында «Өзіміздің әулетіміздің жесірін жылатпаймыз, жетімімізді өзгенің есігінің алдына телміртпейміз» деген ұстаным жатыр.