Отбасын тастап кеткен еркектің жазасы қандай?

Отбасын тастап кеткен еркектің жазасы қандай?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Біз өмір сүріп жатқан қазіргі қоғамда кез-келген адам баласының бойынан жауапкершілік, аманатқа беріктік, әділдік, шыншылдық, сабырлық секілді қасиеттерді іздейтініміз жасырын емес. Әр ер адам өз жауапкершілігін терең сезінсе, оны бұлжытпай орындаса әрі әрбір ісінде, сөзінде әділдіктен таймаса ажырасу деген болмас еді. Қоғам тыныш, халық бақытты болар еді.

Атам қазақ «Отан – отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Ер кісі өз отбасы үшін жауапты болуы себепті, өз міндеттерін толық орындау керек. Керісінше, отбасы алдындағы жауапкершіліктен қашып, отбасын тастап кеткен ер адамның жазасы қандай болмақ?

Отбасын тастап кеткен ер адамды өзгеге жақсылық жасайды деп күтпейміз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сендердің ең жақсыларың – отбасы мүшелеріне жақсы (мәміледе) болғандарың, ал, мен отбасымен ең жақсы (мәміледе) болушымын» (Тирмизи) деп, көркем мәміленің үлгісін өзінен алуды барша мұсылман үмметіне нұсқаған. Ер адамның қоғамдағы орнын айқындайтын нәрсе – жауапкершілік. Жауапкершіліктен бас татып, аманатқа қиянат жасаған ер адамның Алланың алдындағы жазасы да ауыр болмақ, қоғамның алдында да абыройы аласарып, сый-құрметтен жұрдай болады. Бұдан артық қандай жазаболмақ?!

Ер азаматтық – өзіне тапсырылғанға, жүктелгенге аманатшылдықпен қарап, биік мақсаттарға жетуге және осы жолда кездесетін қиындықтар мен кедергілерге төтеп беруге итермелейтін қасиет. Аз-кем сынақта араққа жабысатын немесе арқанға жүгіретін адамдарды кім деп атаймыз? Алла Тағала еркектерді әйелдердің дәрежесінен көтеріп берді емес пе? Қайда олар? Ер азаматтық – өмірдің кез келген жағдайында намысы мен абыройын сақтауға, өзін пайдасыз әрі әуре-сарсаң істерден алыс ұстауға итермелейтін қабілет. Бұл – азды көп, кедейді бай, әлсізді мықты ететін күш. Бұл – алудан гөрі, беруді көксейтін жомарттылық. Бұл – өзгелерден талап етпес бұрын, өз парыздары мен міндеттерін орындауға асығатын жеке жауапкершілік сезім. Алла алдындағы, отбасы алдындағы, отаны, діні, өзге мұсылмандар және өзі алдындағы міндетін түсінген және іске асыра білген – нағыз ер азамат болмақ. Ер азаматтылық – адамгершіліктің күші және күштің адамгершілігі. Кедейлік оның абыройын таптамайды, ал байлық тәкәппарлығын оятпайды. Олардың барлығының алатын бір қайнар көзі бар, ол – Құран, ол – сүннет, ол – ұлттық тәрбие.

ummet.kz

Бөлісу: