Күйеуім патша болсын десеңіз...

Күйеуім патша болсын десеңіз...

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әрбір қыз баласы ер азаматын патшадай сыйлап, бас иіп, Жәннәтқа қамдануды ойлануы керек.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүзін көріп, иман келтірген саxабалардың шәкірті, атақты тәбиғин Саид ибн Мусайбтің әйелі ер кісілердің абыройы туралы: «Біз күйеулерімізбен сендер патшаларыңмен сөйлескендерің секілді сөйлесетін едік», - деген екен. (Хильят әл-әулия 5/168).

Жақсы әйел өз үйіне әрі ханым әрі күң. Ақылды әйел күйеуін патшадай құрметтеп, өзі оның патшайымы болып ғұмыр кешеді. Ақылсыз әйел күйеуін құлдай қылып, өзі өмір бойы құлдың әйелі болып өмір сүреді. Сен туып-өскен ұяңды қалдырып, өзің білмейтін шаңырақта, өзің үйреніспеген жарыңның жанында қалдың. Ендеше, оған жер бол, ол саған көк болады.

ummet.kz

Бөлісу: