Ерлі-зайыптыларға ең керекті зат

Ерлі-зайыптыларға ең керекті зат

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мұсылмандардың иманы ең кемелі – мінез-құлығы ең көркемі. Ал сендердің жақсыларың – отбасына жақсы болғандарың», - деген.

Теңін тауып үйленген жігітке батасын берген әкесі оңаша шығарып:

– Ақ қағаз, қалам және өшіргіш алып кел дейді. – Әке оны не істейсіз? - дегенде: – Айтқанымды істе. Одан кейінгісін сұрама, - дейді. Қалам мен қағаз табады. Бірақ өшіргіш жоқ екен. – Онда барып сатып алып кел, - деді. Өшіргішті алып келіп, әкесінің жанына отыра етті. Әкесі: – Ал енді, жаз, - деді. Жігіт бір сөйлем жазды. Енді не істейін дегендей әкесіне қарады. – Жазғаныңды өшір, - деді. Жігіт өшірген соң, қайта жазуды талап етті. Жігіт: – Әке, не қалап отырғаныңызды айтыңызшы, - деді. Әкесі: – Жаз! - деді. Жігіт қайта жазды. – Жазбаны өшір, - деді әкесі тағы. Сосын қайта жаздырды. Жігіт әкесінің бұйрығын бұлжытпай орындауға көшті. Біршама уақыттан соңғ барлығын көнген баласына қарап:           – Балам! Отбасылық өмірде өшіргіш ауадай қажет, - деді. – Жұбайыңның саған жақпаған сөзі мен әрекетінің ізін жоқ ететін өшіргішің болмаса қиын. Әйеліңе де керек. Сенің бойыңнан көрген ұнамсыз жайттарды өшіретін құралы болуы керек. Әйтпесе, көп өтпей-ақ отбасылық қағаздарың шимайланып толып қалады. Бір-біріңнің кемшілігіңді тізбектеп термеңдер. Бір-біріңді аңдып мін іздемеңдер. Кешірімді де кең болу екеуіңнің өмірлік салтың болсын, - деген екен.

Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Ең бастысы, кешіре білу. Қажет орында байқамағандай кеіп танытып, келеңсіздіктің алдын алу. Хадис ғалымы Осман бин Зайда: Мен Ахмед бин Ханбалға «Адамдық он бөліктен тұрса, оның тоғызы байқамағансу», - дедім. Сонда ол кісі: «Амандық он бөлік.оның баршасы да байқамағансу», - деген еді.

материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: