Үйленетін екі жастың медициналық талдау жасатуы дұрыс па?

Үйленетін екі жастың медициналық талдау жасатуы дұрыс па?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Отбасы құрудың рухани, экономикалық, материалдық, салт-дәстүрлік, психологиялық немесе әлеуметтік қоғамға қараған жақтары болғаны сияқты, өте маңызды бір жағы – үйленетін екі жастың денсаулықтарының жақсы әрі керемет болуы.

Себебі екі жастың денсаулығы ертең құратын отбасыларының берік болуына тигізер әсері мол.

Әр күн сайын адам сенгісі келмейтін аурулар пайда болып, адам өмірі қас қағым сәтте көзден ғайып болып жатқан бүгінгі таңда денсаулық бәрінен де қадірлі байлыққа айналды.

Жастар үйленбестен бұрын міндетті түрде дәрігерлердің кеңесін алып, толыққанды медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана үйленуге шешім қабылдаулары керек.

Жас жұбайлардың денсаулықтарының дұрыс болмауынан келіп шығатын мәселелер:

1.Адам ағзасында жасырын паразит ететін жұқпалы аурудың бактериялары болуы мүмкін. Себебі қазіргі медицина ғылымы СПИД сияқты аурудың тек қана жыныстық жолмен ғана месе, қан құюмен де жұғатынын айтып дабыл қағуда.

2.Жас жұбайлардың ағзаларында бұрын ауырып, толық емделмеген, алайда әлі вирусы сақталған белгісіз арурлар болуы мүмкін.

3.Еркектерде белсіздік, әйелдерде бала көтере алмаушылық сынды жыныстық әрі физиологиялық әлсіздіктер болуы мүмкін. Осындай әлсіздіктерді емдетпей үйленудің кесірінен ұзақ уақыт отбасында өмірге бала ікеле алмай, екі жас немесе туысқандары бірін-бірі кінәлап, шаңырақтың шайқалуына себеп болуы мүмкін.

4.Дұрыс емделмей көтерген баланың өмірге келуі де қиын, өмірге келсе де уақытында тілі шықпау, ДЦП, уақытында жүре алмау т.б аурулармен тууы мүмкін.

5.Мұндай тәуекелдерді болдырмау үшін немесе болу үлесін азайту үшін адам ретінде себептерді істеу – бізге жүктелген міндет. Ал осылардың тағдырға жазғанынан деп қарағаннан басқа қолдан келері жоқ.

материал «Жұбайлар құпиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: