Білімді аналар қызы 12 жасқа қараған кезеңде не істеуі керек?

Білімді аналар қызы 12 жасқа қараған кезеңде не істеуі керек?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Етеккір күйі – әйелдер үшін тазалыққа мұқият көңіл бөлуді қажет ететін кезең. Дініміз осы себепті бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп, кең қарастырған.

Бұндай кезеңде білімді, түсінігі мол аналар қызына етеккір туралы айтуы тиіс. Ол үшін қызымен сырласып, оған етеккір уақытының жақындағанын, етеккір кезінде зәр жолынан қан келетінін, болашақта ана болатын әрбір қыз бала үшін бұның қалыпты құбылыс екенін, қорықпауды, жүктілік пен босанғаннан кейінгі уақытты қоспағанда, бұндай жағдай 45-50 жасқа дейін жалғасатынын, жүйелі түрде әр ай келетін құбылыс екенін, өйткені Алла әйелдерді осындай ерекшелікте жаратқанын, бұның астарында небір иләһи мақсаттар барын, осындай етеккір көрген кездері тазалыққа ерекше көңіл бөлу керектігін жақсылап түсіндіруі керек.

Ардақты Пайғамбарымыз бір хадисінде «Ілім үйрену – әрбір әйел, еркек мұсылманға парыз» деген. Осы хадис бойынша мұсылман әрбір ана осы мәліметтерді білуге мәжбүр. Алайда осы жерде айта кеткен жөн, бұл мәселеде қыз балаларға өзіне керекті мәліметтерді үйретуде, оларды жан-жақты сауатты етуде мектептің де жауапкершілігі жоқ емес.

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: