«Әйелім жұмыс істемейді. Тек үйде балаларға қарайды»

«Әйелім жұмыс істемейді. Тек үйде балаларға қарайды»

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бойдақтықпен кеше ғана қош айтысып, бүгін шаңырақ көтерген ер азамат мынаны білгені жөн. Әйел еркектің қабырғасынан жаратылған. Қабырға адамның қос білегінің құшағында және жүрегінің тұсында тұратын сүйек.

Жүрек сүйіспеншіліктің қажет етеді. Әйелдің өмір жолы жақсылыққа тола. Шыр етіп дүниеге келген кезде әкесіне жәннат қақпасын ашатын қыз. Бой жетіп тұрмыс құрғанда күйеуінің дінін кемеліне келтіретін әйел. Ал дүниеге перзент әкеліп ана болғанда баласы үшін оның табаны жәннатқа апарар жол болмақ.

Отбасылы азамат психолог маманға кеңес алуға барған көрінеді. Жұмасына жеті күн жұмыс істейтін кісі жан сырын ақтарады. Ішіндегі дертіне жауап іздеп келсе керек. Психолог пен емделуші арасында мынадай диалог өрбіген екен:

– Кім болып қызмет етесіз?

– Банкте есепшімін.

– Әйеліңіздің мамандығы не?

– Жұмыс істемейді. Тек үйде балаларға қарайды.

– Таңертең балаларға таңғы асты кім дайындайды?

– Әйелім ғой. Өйткені оның басқа жұмысы жоқ.

– Әйеліңіз таңертең сағат нешеде тұрады?

– Бес жарым шамасында. Өйткені таңғы ас әзірлеуі және балалардың мектеп киімдері сияқты ұсақ-түйектерді дайындап қоюы керек.

– Балаларды мектепке кім алып барады?

– Әйелім. Себебі оның менікі сияқты жұмысы жоқ.

– Балаларды мектепте апарып тастаған соң, әйеліңіз немен айналысады?

– Жұмысы жоқ болған соң, базарға азық-түлікке барады. Балаларға түскі тамағын пісіреді. Сосын менің және балалардың киімдерін жуып тазалап дайындайды.

– Жұмыстан келген соң, сіз немен айналысасыз?

– Ауыр жұмыс күнінен кейін біршама тынығып демаламын.

– Әйеліңіз ше, кешке не шаруамен айналысады?

– Сол баяғы шаруасы ғой. Кешкі ас пісіріп, дастарқан дайындайды. Тамағымызды ішіп болған соң ыдыс-аяғын жуып, балаларды ұйқыға жатқызады... Міне, еркектің әйел жұмысына берген бағасы осы.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шаңырақта әйелдеріне үй шаруасына көмектескені. Намаз уақыты болғанда ғана мешітке шығатындығы жайлы хадистер сөз жүзінде қалмауы керек. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзбен де, ісімен бізге үлгі көрсеткен. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түзде шаруасы өте көп болды. Десе де, жұбайының үй ішіндегі бір қарағанда елеусіз, бірақ аса маңызды шаруасына қол ұшып беріп, көмектескен. Сондықтан, әйелім табыс таппайды. Тек үй шаруасымен айналысады деген қате пікірден аулақ болайық. Өйткені әйелдер қарапайым үй шаруасы мен бала күтімі арқылы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ер азаматтарды тәрбиелейді. Демек, әйелдің жұмысы аса маңызды.

Мұхаммед Ғазали «Үй шаруасындағы әйел» жұмысына немқұрайлық танытып, менсінбей қарайтындар бар. Олар бұл қызметтің қаншалықты маңызды әрі ұлттың бүгіні мен болашағының моральдік және әлеуметтік бейнесіне қаншалықты ықпал ететінінен бейхабар надандар. Шаңырақ ішіндегі бұл қызметтің ауыртпалығы түздегі ер азаматтың қиын жұмысына пара- пар. Шариғат ер мен әйелге табиғатына ең лайық және мейлінше жетістікке жететін бағытын берген. Әрине, кейбір әйелдердің жеке қасиеттері (мұғалім, дәрігер, мем. қызметкері болуы) болмысын жоққа шығара алмайды, – деп жазады. Үй шаруасы жұмыс кестесі мен айлығы жоқ. Ерекше мейірімділік және айрықша жанкештілікпен атқарылатын ауыр қызмет. Кезекті еңбек демалысы деген атымен жоқ. Қала берсе, алғыс орнына сын мен наразылық естуі әбден мүмкін. Бұл қызмет талғампаз гурман көңілінен шығатын аспаз және кірпияз адамның бабын табатын үй тазалықшысы, сонымен қатар балаларға дәрігер, мұғалім және мотиватор болуды талап етеді.

материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: