Ерлі-зайыптылардың бір-бірін қызғануының зияны бар ма?

Ерлі-зайыптылардың бір-бірін қызғануының зияны бар ма?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Кейбір орталарда қызғануды айып сияқты, артта қалғандық сияқты көрсетуге тырысады. Қызғану, яғни намысты қорғау үшін белгілі шекара ішінде қызғаныш таныту дініміздің әмірі.

Хадис шәрифтерде былай делінген: «Намыс мәселелсінде Алла Тағаладан асатын қызғанатын жан жоқ және Ол осы себептен фухшқа (арсыздық, ұятсыздыққа) тыйым салған.» (Бұхари) «Намысты қорғау қайраттылығы иманнан, ал әйел-еркек аралас бірге сауықтануы екі жүзділіктен.» (Дәйләми) Намысын қызғанбайтын адамға дәййус делінеді.

Дәййустер үшін хадис шәрифтерде былай делінген: «Алла Тағала жәннатты жаратқан кезде “Сараң саған кіре алмайды, дәййус сенің иісіңді де сезе алмайды” деді.» (Дәйләми)

«Ішкілік ішкен, ата-анасына қарсы шыққан адамға және дәййуске жәннатқа кіру харам.» (И.Ахмед)

Бұл үлкен күнәларды істеген адамның бір түйірдей болса да иманы бар болса, күнәларының жазасын тартқаннан кейін жәннатқа кіреді. Бірақ күнәлар адамды күпірге жетелегендіктен, бұл күнәларды істеп жүру үлкен пәлекетке жол ашады. Зияннан қалай қашсақ та олжа. Бір сәтке ертерек тәубе етіп, күнәлардан бас тарту керек. Тәубе еткен адам мүлдем күнә істемеген сияқты болады. Әйелдің матасын қызғануы да қалыпты нәрсе. Бірақ қызғанышты жария қылып, белгілі шекараны асып кетпеу керек.

«Алла Тағала қызғаншақтықты әйелдерге және соғыс майданына шығуды еркектерге жүктеді. Әйелдерден кімде-кім, бұл әмірге иман келтіріп сабыр етсе, шәһид болған мүжәһид сияқты сауап алады» хадис шәрифінде де әйелдердің сабырлық танытуына ишарат көрсетілген. Әйел әрі қызғанады, әрі бұған төзеді. Міне осы үлкен пида етушілік еркектердің соғысқа аттануы сияқты қабылданған.

материал «Бақыттың кілті – жанұя» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: