Эко мәселесі: Әйел адамға басқа айел адамның ұрығын салу дін шеңберінде қалай? 

Эко мәселесі: Әйел адамға басқа айел адамның ұрығын салу дін шеңберінде қалай? 

Исламдағы отбасы
Жарнама

Шариғатта қолдан ұрықтандыру әдісі, тек некелі ерлі-зайыптылардың тұқымдық жасушаларын ұрықтандырып, оны зайыбына салғанда ғана рұқсат етіледі.

Ал өзіңіз айтқандай, бөтен әйелдің аналық жыныс жасушасын (яйцоклетка, аналық тұқым жасушасы) өз әйелінің жатырына орналастыру арқылы ұрықтандыру діни тұрғыда құп көрілмейді. Бұған байланысты Ислам Фиқһ Кеңесінде қабылданған пәтуада былай делінеді:

«Ұрықтандыру ісі – күйеуінен алынған ұрық пен зайыбы болып саналмайтын (бөтен) әйелден алынған аналық тұқым жасушасын (жұмыртқа) ұрықтандырып, кейін эмбрионды зайыбының жатырына енгізу арқылы жүзеге асса, бұл шариғатқа қайшы»1.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

 

1). Мемлекет аралық Ислам Фиқһ кеңесінің, ІІІ кезекті отырысы. «Амман», Йордания елі. 1986 жыл.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: