Баланы оқытқанда мына бес мүшені бірдей тәрбиелеу керек

Баланы оқытқанда мына бес мүшені бірдей тәрбиелеу керек

Исламдағы отбасы
Жарнама

Адам баласы барлық білікті сыртқы 5 мүшесімен алады. Көзбен көріп, құлақпен естіп, мұрынмен иіскеп, тілмен татып, денемен сезіп.

Сондықтан баланы оқытқан уақытта бұл 5 мүшелердің барлығын бірдей тəрбиелеу керек.

Бір қатары тəрбиеленіп, бір қатары тəрбиеленбей қалса, ол балаға зор кемшілік келтіреді.

Адам балалары бір нəрсені білуде түрлі- түрлі болады: Біреу есіткенін ұмытпайды, біреу көргенін ұмытпайды, біреу татқан дəмін ұмытпайды. Кейбіреу осылардың бəрін ұмытпайды. Бірақ ондай адам сирек болады.

Бір медреседе, бір класта оқып жүрген балалардың біреуінің олай, біреуінің бұлай болуы осыдан. Сондықтан оқытушылардың бұл 5 мүшені бірдей тəрбиелеуге ыждаһат қылулары тиіс.

материал «Алаш көсемсөзі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: