Туыстармен қарым-қатынасты сақтау және үзу мәселесі

Туыстармен қарым-қатынасты сақтау және үзу мәселесі

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Ол:

«Алла елшісі (с.а.с.): «Ақиқатында, Алла жаратылыстарды жаратып болған кезде, туыстық байланыс тұрып: «Бұл – туыстық қатынастың үзілуіне байланысты (Өзіңнен) пана сұрайтынның орны», – деді. (Алла): «Иә. Сені үзбегенмен байланысымды үзбесем, ал сені үзгенмен байланысымдыүзсем, разы болмайсың ба?» – деді. Ол: «Иә, әрине!» – деді. (Сонда Алла):, – деді», – деп айтты.

Содан кейін Алла елшісі (с.а.с.): «Қаласаңдар: «Бәлкім, сендер теріс бұрылсаңдар, жер бетінде бүлдірушілік жасарсыңдар және туыстық байланыстарыңды үзерсіңдер. Ондайларды Алла лағынет етіп, керең қылған жәнекөздерін соқыр еткен. Олар Құранға ой жүгіртпейді ме? Әлде құлыптары бар ма?» (деген аяттарды) оқыңдар», – деді», – деген.

Жубәйр ибн Мутғимнен (Алла оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Үзуші жәннатқа кірмейді», – деген. Ибн Әбу Омар: «Суфйан: «Яғни туыстармен қарым-қатынасты үзуші», – деді», – деп айтқан (2556/18).

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: