Ерлі-зайыптылар арасындағы махаббатты арттыратын 10 нәрсе

Ерлі-зайыптылар арасындағы махаббатты арттыратын 10 нәрсе

Исламдағы отбасы
Жарнама

1. Кешірім. Жүрегіміз кешірімге ашық, жанымыз мейірімге толы болған сайын жұбайымыз бізге жақын болады. Себебі ол өзін қауіпсіз сезініп, кінәлау мен реніштен қорықпайды.

2. Жақсылықты міндет етпеу.  Жұбайыңызға көрсеткен көмегіңізді немесе сыйлығыңызды міндет қылмаңыз. Міндетсіну жүрекке ауыр тиіп, сол жақсылықтың қадірін жояды. 3. Мақтау мен мадақтау. Әйел күйеуінің шешімін, ісін мақтап, бағаласа, ал ер адам әйелінің сұлулығын, тәрбиесін және отбасылық істерін мақтай білсе, сүйіспеншілік арта түседі.

4. Шүкіршілік пен ризашылық.  Жұбайыңыз жасаған ең кіші қызметіне немесе көмегіне де алғыс айтуды ұмытпаңыз. Шүкіршілік сүйіспеншілікті қоректендіреді.

5. Құрмет пен қадірлеу.  Жұбайыңызды жеке қалған кезде де, адамдардың алдында да құрметтеуіңіз оның сізге деген сүйіспеншілігін арттырып, мақтанышқа бөлейді.

6. Сүйіспеншілікті білдіру.  Жұбайыңыз алыста болғанда сағынышыңызды, жанында болғанда сүйетініңізді және оның бәрінен қымбат екенін жиі айтып жүріңіз. 7. Жақындыққа деген ықылас. Ерлі-зайыптылар арасындағы жақындыққа деген ықылас ер адамға өзін қалаулы әрі бағалы сезіндіреді.

8. Ымыраға келу.  Жұбайыңыз үшін белгілі бір жағдайда өзіңіздікі дұрыс болса да, ымыраға келу махаббатты нығайтады.

9. Кешірім сұрау. Арадағы реніш немесе дау-дамай кезінде бірінші болып кешірім сұрап, мәселені шешуге тырысу жүректі жақындатады.

10. Сыйлықтар мен қамқорлық.  Ара-тұра кішігірім сыйлықтар жасап, жұбайыңыздың қажеттіліктеріне көңіл бөліңіз. Сыйлықтың құны емес, оның артындағы шынайы ықылас маңызды.

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: