Жүрегі жаралы әрбір әйелге сүйінші

Жүрегі жаралы әрбір әйелге сүйінші

Исламдағы отбасы
Жарнама

Егер тұрмыс құру кешігіп жатса, Хадиша анамызды (Алла разы болсын) есіңе ал.

Ол сабыр етті. Ақырында әлемдегі ең ұлы адамға, Пайғамбарымызға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жар болды.

Егер  мүлдем тұрмысқа шықпасаң, Мәриям анамызды (Алланың сәлемі болсын) ойла.  Алла оны бұл дүниеде де, ақыретте де жоғары дәрежеге көтерді.

Егер  бала сүйе алмай, жұрттың сөзінен қиналсаң, Зәкәрия пайғамбардың (Алланың сәлемі болсын) әйелін есіңе түсір. Алла оларға қартайған шағында перзент берді.

Егер  күйеуің күнәһар болса, Перғауынның әйелі Әсияны ойла. Ол сабыр етіп, жәннат ханымдарының бірі болды.

Егер ажырасып кетсең, Алланың мына сөзін есіңде сақта: «Егер ажырасып кетсе, Алла әрқайсысын Өз кеңшілігімен ризықтандырады». («Ниса» сүресі, 130-аят).

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: