Ерлі-зайыптылар арасындағы қырсықтықты жою жолдары

Ерлі-зайыптылар арасындағы қырсықтықты жою жолдары

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әр тараптың не нәрсеге ренжитінін білу қажет. Осылайша, бір-бірінің сезімдерін ескеруге болады.

Қателік болған жағдайда оны мойындап, кешірім сұрау маңызды. Жанжалдан аулақ болып, ортақ ұстанымдарды іздеңдер. Түсінікке, ашықтыққа, құрбандыққа, кешірімге және қателіктерді кешуге негізделген некенің ғұмыры әрдайым ұзақ әрі берік болады. Егер жағдай ушығып кетсе, көмекке жүгінуге болады. Бір тараптың отбасы мүшелерінен немесе екі жақтан, не болмаса маманнан кеңес алу қажет. Егер бір тарап немесе екеуі де қырсықтық танытса, үшінші тараптың араласуы керек болады. Диалогқа дағдыланып, басқа адамның пікірін құрметтеуді үйреніңдер. Жағымсыз жағдайларды кешіріммен ұмытып, отбасылық өмірді қауіпсіздік пен тұрақтылыққа бағыттаңдар.

Құрметті ерлі-зайыптылар! Бір-біріңізбен жақсы қарым-қатынаста болуға, сүйіспеншілік пен мейірімділікті сақтауға тырысыңдар. Сөз тасушылардан абай болыңдар. Олардың мақсаты – бүлдіру және араздық тудыру. Әрдайым сөздің растығына көз жеткізіп, асығыс үкім шығармаңдар. Қаншама ерлі-зайыптылар адам болған шайтанның кесірінен ажырасып кетті. Алла бізді олардан сақтасын!

Құрметті ер, құрметті әйел! Жұбайыңмен болған диалогта немесе жағдайда үстемдікке жету күш пен жеңістің көрсеткіші емес. Өмір – шабуыл мен қорғаныс емес, соғыс емес. Бұл бірге идея алмасу арқылы келісімге келу. Мұнда кімнің қателескені, кімдікі дұрыс болғаны маңызды емес. Ең бастысы, табысты диалог. Бұл «кім жағдайды түсінді және мәселені шеше алды?» деген сұраққа жауап береді. Келіспеушілікте әрқайсысы өзіне шыншылдықпен қарасын. Қателіктерді ақтап, кінәні біреуге артудың орнына мәселені шешу жолын бірге іздеңдер. 

Әрқайсысы мәселені өзі шешетіндей жауапкершілік алсын. Егер екі тарап та осындай ниетпен әрекет етсе, Алла қаласа, мәселе шешіліп, енді қайталанбайды. 

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: